Өрт-тілсіз жау!

         Өрт-тілсіз жау – аты айтып тұрғандай, осы өрттің салдарынан көптеген адамдар, жан-жануарлар, аң-құстар жалпы айтқанда табиғаттың өзі жапа шегуде.  Дала өрттері «Ақжайық» резерватының аумағында кері әсерін тигізуде. Көктем жаз айларында өрттің кобеюіне байланысты, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты өрт қауіпінің алдын алуға дайындық жұмыстарын бастап кетті. Резерват аумағына жақын орналасқан мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдын-алу, байқау және сөндіру, өрт қауіпсіздігіне қатерлі мерзімде топ мүшелерімен бірігіп рейдтік шаралар өткізу миниралды жолақтар тарту және бұрыннан жасалған жыралар мен жолақтарға күтім жасау, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр.

         Сонымен қатар, резерват аумағында тиым салу белгілері бар аншлагтар орнатылды. Төтенше жағдай Депатаменті және селолық округтермен бірлескен оқу – жаттығу жұмыстары жоспарлануда.  

         Өрт тек адамның әсерінен бөлек табиғи жолменде болатындығы бәрімізге аян, десекте түптеп келгенде әр адамзат баласы тазалық жұмыстарымен сақтық шараларын дұрыстап қолға алса барлық қолайсыз жағдайлардың алдын алуға болады. Атадан ұрпаққа мұра болып қалдырған табиғатымызды көзіміздің қарашығындай сақтау әр адамзаттың парызы. Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!!!

         Есіңізде болсын! ШӨПТІ ЖАҒУ ЖӘНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН ЖЕРЛЕРДЕ ОТ ЖАҒУ ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЙҒЫҒА ӘКЕЛУІ МҮМКІН. ӨЗІҢІЗДІ ЖӘНЕ ЖАҚЫНДАРЫҢЫЗДЫ ҚОРҒАҢЫЗ!

Ерекше қорғалатын табиғи аумақта өрт оқиғасы орын алған жағдайда 45-72-11 тел. номеріне хабарласуларыңыз сұралады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *