«Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы әр жыл сайын көктемде Қазақстанның барлық аумақтарында және мемлекеттік қорықтар, ұлттық парктер мен резерваттарда ұйымдастырылады. Осы күндері еліміздің қорықтары, парктері мен резерваттарында мерейлі мерекелік рәсімдер өтуде. Негізінде бұл акцияның тарихы сонау 1882 жылдың 22 сәуірінде Небраска штатында ресми түрде енгізілген «Ағаш күні» экологиялық мерекесімен тікелей байланысты. 1970 жылдан бастап ұлттық парктер мен қорықтарда іс-шаралар кең көлемді жүргізіле бастады. Сөйтіп, бұл шара жаңа мән мағынаға ие болып, 90-жылдардың соңында ТМД елдерінде атап өту қолға алынды. Әйтпесе, қазіргі кезде қоршаған ортаға технологиялық процестердің тигізіп жатқан әсерін тілмен айтып жеткізу қиын.
Акцияның басты мақсаты -ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мәселелерін халықтың, жұртшылықтың, мемлекеттік билік органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының назарын аудару және оларға көмек көрсету, халықты экологиялық ағарту болып табылады. Халықаралық акция адамдарды табиғатты аялауға, оның қажеттілігін жете түсінуге және жұртты осыбастамаға ұйымдастыруды көздейді.
«Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы 2009 жылдан бастап, туған өлкеміз Атырау қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келетін экологиялық мерекелердің бірі. Аталмыш шараға барлық округ әкімшілігі мен оқушылары, экология саласының қызметкерлері бірігіп ат салысып келеді. Сонымен қатар, бүкіл дүниежүзі бойынша өте белгілі шара болып есептеледі. «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы елімізде 1997 жылдан бері өткізіліп келеді. Акцияны өткізудегі негізгі мақсат – табиғи қаймағы бұзылмаған тамаша жерлерімізді келешек ұрпаққа дәл сол қалпында аманат ретінде қалдыру болып табылады. Яғни, бұл іс шараның негізгі ұраны «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық» деп аталады. Мұның мәні – табиғатқа деген қамқорлықты жақсарту, жаңғырту, Жер-Анаға деген сүйіспеншіліктің, табиғатқа жасаған қамқорлықтың мерекесі.
Акция аясында резерваттың маңызы мен мақсаты жайында және де табиғат қорғау акциясының тарихы жөнінде буклеттер мен ақпараттық бетшелер дайындалып таратылды. Соның аясында түрлі конференциялар, сенбіліктер, дөңгелек үстелдер, сайыстар, мектептерде тәрбие сағаттары өткізілді.
Болашақта өлкемізде экологиялық туризмнің дамуына жол ашу мақсатында экологиялық туризмді дамыту жөніндегі жергелікті тұрғындарға презентация, көрме және шаралар өткізіп, халықтар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы аясында «21 сәуір – бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні акциясы» атаулы мерекесіне орай білім ордаларында және ЕҚТА-да ағаш көшеттері отырғызылып, тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Акция аясында БАҚ-ры үнемі ақпараттандырылып отырылды.
Табиғатты қорғау- табиғатты аялау әр адамның міндеті. Үлкен- кіші әрдайым оны таза ұстап, құрмет тұту қажет. Оның бізге қаншалықты қажет екені баршамызға мәлім. Сондықтан да, біздің жастарымыз табиғатты қорғауға бір кісідей ат салысатындарына сенімдіміз. Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды, ендеше жердің, табиғаттың иесі- болашақ жастар. Біз жастарымыздың белсенділік танытып, білек түре кіріскен игі істерін мақтан тұтамыз.