Каспий итбалығы күрделі биологиясы бар жануар. Ол өмірінің жартысын суда, жартысы құрлықта, жағада өткізеді. Бұл итбалықтардың тіршілігі үшін үлкен маңызға ие: итбалықтар жағада жатқанда түлеп, демалып, қоректенеді. Сонымен қатар олар солтүстік Каспийдің мұз айдындарында көбейеді. Мұның бәрі популяция үшін өте маңызды. Итбалық жылына бір рет бір күшік әкеледі, екі күшік болуы өте сирек кездеседі.
Тамақтану түрі бойынша итбалықтар ихтиофаг жыртқыштары болып табылады. Олардың тамағының негізі негізінен килькалар, асшаяндар, майшабақтар және т. б.
Каспий итбалығының ерекшелігі – ол эндемик, яғни тек Каспий теңізінде ғана тіршілік етеді, бұл түр дүние жүзінде еш жерде жоқ. Каспий итбалығы – Каспий теңізіндегі қоректену тізбегінде жоғарғы орынды алатын жалғыз теңіз сүтқоректісі. Түр Каспий теңізінің экожүйесінің жай-күйінің көрсеткіші болып саналады және орын алатын экологиялық өзгерістер жеке популяциға және жалпы популяцияға әсер етеді. Ал итбалықтардың өмір сүру деңгейі нашарлап, өлуі көбейсе, бұл теңіз экожүйесінің қолайсыз жағдайда екенін білдіреді.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резеваты республикалық мемлекеттік
мекемесінің ғылым және мониторинг бөлімінің жүргізген мониторинг
жұмыстарының қорытындысына сәйкес, соңғы жылдары саны айтарлықтай
азайып кеткен итбалықтар Жайық өзенінің жағасында сирек кездеседі.
Мысалы, 2023 жылы Рыбоходный каналынан теңізге шығатын жерде
итбалықтар байқалды. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Шман өзегінде де кездеседі.