Экскурсия

2024 жылдың 18-20 мамыр күндері Жасыл өсу контексінде Батыс Қазақстан өңірінің табиғи шаруашылық және әлеуметтік-экономикалық жүйелерін тұрақты дамыту: кешенді талдау, сценарийлер, тұжырымдама және болжамды бағалау” ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша Алматы ботаникалық бағы — Ботаника және фитоинтродукция институтының құрамындағы ғылыми-зерттеу мекемесінің жоғарғы сатылы өсімдіктер флорасы зертханасының Курмантаева Альфия Араловна- б.ғ.к. аға ғылыми қызметкер, Кеңесбай Ақерке Хажымұратқызы- аға лаборант мамандары келіп, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватымен танысып, экскурсия жасады.

Екі күндік іс-сапарда мамандар ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы Н.Т. Махметовамен бірге «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерват территориясындағы өсімдіктерден гербарийлер жинақтады және тәжірбиемен алмасты. Бұл жұмыстардың қорытындысы алдағы уақытта шығатын болады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *