Татар жуасы


Күрделі гүлдес тұқымдастар. 25-тен 80 см-ге дейінгі көп жылдық өсімдіктер. Тіке және көлденең тамырлы арамшөп. Сабақтары құрымды-өрмелі, бұтақты. Жапырақтары сабағына жақын, қатқыл, қалың, бозаң, түбіне қарай тарыла түсіп, күлтеленіп немесе қалақшаланып келеді, шетіне қарай сирек бүршіктері бар. Гүлдері ашық көк. Өсу мерзімі: көктем, бүкіл жылы кезеңде тамырынан пісіп жетіледі. Гүлі: тілшелі, қос қуысты, көгілдір немесе шымқай көк-көгілдір. Себеттегі гүлдері шоқ гүлді болып шығады. Гүлдейтін уақыты: жаздың ортасы-соңы. Өсімдіктегі тұқым саны 6 мыңға дейін жетеді. Өмір сүру ортасы: сорланған, тұзды далалар, шабындықтар, тың жерлер, егістер. Бұл өсімдік түрі «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына қарасты мониторингтік алаңдарда кездеседі.
Сурет №6 Перетаска мониторингтік алаңда түсірілген.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *