«Солтүстік Каспий теңізінің табиғаты» атты жылжымалы фотокөрме


2021 жылғы 31 наурыздағы 2021-2024 жылдарға арналған ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы ресей-қазақстан ынтымақтастығының бағдарламасына сәйкес, Солтүстік және Батыс Каспийдің табиғи кешендері мен объектілерін зерттеу және экологиялық мониторингті жүзеге асыру мақсатында: 15.08.2023 жылы «Дағыстан» мемлекеттік табиғи қорығының мамандары келіп, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ғылыми қызметкерлерімен және мемлекеттік инспекторларымен бірге, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы аумағындағы Каспий теңізінің солтүстік-батыс аймағында, Қиғаш, Шарон өзендері атырауы және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына қарасты «Новинский» (Жаңа жер) зоологиялық мемлекеттік табиғи қаумалы аумағында және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына қарасты Правый Яицкий каналы, Жайық өзенінің сағалары және Зюйд-Вестово аралы аумағында бірлескен далалық зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Далалық зерттеу жұмыстарының басты мақсаты: Солтүстік және Солтүстік-батыс Каспийдің табиғи кешендері мен объектілерін зерттеу және экологиялық мониторингті жүзеге асыру, құстардың және Каспий итбалығының көші-қон жолдарын анықтап, зерттеу.
Жұмыс барысы фото, видео материалдарға түсірілді. Бұл фото, видео материалдар 2024 жылдың маусым айының 20-сы күні Х. Досмұхамбетов атындағы Атырау Университетінде «Солтүстік Каспий жағалауы табиғаты» атты жылжымалы фотокөрмеде көрсетілді.
Жылжымалы фотокөрмеге келген қонақтар мен студенттер тамашалап, фотокөрмеден алған әсерлерімен бөлісті.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *