«ЖАҢА ЖЕР» (Новинский) мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы

Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігі Новинский мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалы Атырау облысы Құрманғазы әкімшілік округінің аумағында орналасқан. Ерекше қорғалатын аумақтардың жалпы ауданы 45 000 га. «Новинский» мемлекеттік қаумалы, Каспий теңізінің үлкенді-кішілі аралдарында және қол жетпейтін бөліктерінде орналасқан. Аралдар теңіз суларының қатты желдері кезінде 70-80% су астында қалады.  Қаумал биоалуантүрлілігі оның ішінде құстардың шоғырлануына таптырмас мекен. Атап айтқанда ҚР Қызыл кітабына енген бірнеше түр: Қылаң қарабас шағала, Аққұйрықты субүркіт, Кішкене аққұтан, Қарабай, Жалбағай, Кішкене суқұзғын, Бұйра бірқазан сияқты құстар көптеп кездеседі.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *