1-ші курс студенттеріне «5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдер күні» атты тақырыбында іс-шара өткізілді

2024 жылдың қыркүйек айының 5-і күні Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік Университетінде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары 1-ші курс студенттеріне «5 қыркүйек- Қазақстан халқы тілдер күні» атты тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты: көпұлтты елдің тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту және тарату, жас ұрпақтың бойында өз халқының да, елде тұратын басқа ұлттардың да мәдениеті мен дәстүрлеріне құрметпен қарауды қалыптастыру.

Шара соңында студенттерге бетшелер таратылып, фотокөрмемен жалғасын тапты.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *