Бақытты отбасы!

Көп балалы отбасы – ол бақытқа, шаттыққа толы жанұя, береке-бірліктің, сыйластық пен татулықтың, адамгершілік құндылықтардың тоғысқан жері. «Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Бала – үйіміздің берекесі, көз қуанышымыз, жүрегіміздің жұбанышы және ұлтымыздың баға жетпес құнды қазынасы десек артық болмас.

Бейсов Жасұлан Муханбетович  2015 жылдың қараша айынан бастап «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты, Республикалық мемлекеттік мекемесінің «Табиғи кешенді қорғау, өсімін молайту және табиғат пайдалану» бөлімінде мемлекеттік инспектор лауазымы қызметін атқарқып келеді.

Бейсов Жасұлан Муханбетович  көп балалы әке және көпке үлгілі отбасы.

Отбасы күніне орай, Бейсовтар әулетіне  денсаулық, береке-бірлік, шаңырақтарыңызға махаббат пен татулық, жақсылық тілейміз!

Ізгі ниетпен, «Ақжайық» МТР РММ

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *