Құрқылтай құсы

Құрқылтай құсы (лат. Remiz pendulinus) – торғайтәрізділер отрядының бір туысы.

Құрқылтайдың денесінің ұзындығы шамамен 12 см, салмағы 20 г дейін, қанатының ұзындығы 60 мм — ге дейін.

Құрқылтай өз жемін негізінен ағаштардан, бұталардан және қамыстан іздейді. Ол жәндіктермен, өрмекшілермен және тұқымдармен қоректенеді.

Көбею кезеңі мамырдан маусымға дейін созылады. Құрқылтайдың аталығы судың үстінде ілулі тұрған бұтақтарға өсімдік талшықтарынан, мамықтан және тұқымнан бірнеше үлпілдек, дөңгелек ұялар салады. Сөмке тәрізді ұяның биіктігі шамамен 17 см және ені 11 см. Құрқылтайдың аналығы өзіне ең жақсы ұяны таңдайды, соңғы дайындыққа көмектеседі, содан кейін 5-тен 8-ге дейін жұмыртқа салады. Шамамен 2 аптадан кейін балапандар шығады.

Фото «Ақжайық» МТР-ның «Рыбоходный» каналының бойында түсірілген.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *