13 қыркүйек күні “Экологиялық ағарту және насихаттау жұмыстарын жүргізу” жобасы аясында арнаулы техникалық білім беру мекемелері студенттерінің қатысуымен “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватында экологиялық-туристік жорық ұйымдастырылды.

Жорыққа оқу орындарынан 5 адамнан құралған 1 команда және оқу орнынан 1 жетекші қатысты.

Бағдарламаға сәйкес қатысушылар “Приморский” каналының бойымен жүріп отырып, су бетіндегі тіршілікті бақылады.Су бетінде тіршілік ететін жан жануарлармен өсімдіктердің тіршілігімен танысты. Сонымен қатар резерваттағы “Пешной” аумағындағы «Қазгидромет» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының жұмысымен танысып, ауа райының қалай болжанатынын көрді.
Жорық барысында қатысушылар командаларға бөлініп, қызықты квест және т.б сайыстар арқылы сынға түсті. Жеңімпаз командаларға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *