Өрт туралы ақпарат

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Резерват) 2024 жылдың 08 қазанда резерваттың шекаралас аумағында өрт оқиғасы орын алды. Өртеніп жатырған аумақ Солтүстік Каспий теңізінің Оң жақ жағалауы сулы батпақты қамысты жерлер.

08 қазан 2024 жылы сағат 15-50 шамасында резерватқа қарасты 15 кварталға өрт ауысып, резерваттың 20 қызметкері, 3 шағын өрт сөндіру (МЛПК) машинасы, 2 патрульдік автокөлігі, 2 трактор және Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінен 21 қызметкер, 2 трэкол техникасы, МИ-8 тік ұшағымен өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп, тік ұшақпен 5 рет су тасмалданды.

09.10.2024 ж. сағат 07:00 де өрт шалған аумаққа резерваттан 25 қызметкер, УАЗ автокөлігі – 2, шағын өрт сөндіру (МЛПК) машинасы – 3, патрульдік автокөлік – 3, трактор – 2, дрон – 1, күрек – 25, өрт сөндіру шартылдағы – 25, және Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 18 қызметкер және 2 трэкол техникасы жұмылдырылды.

Қазіргі уақытта резерваттың қызметкерлерімен және ТЖД қызметкерлерімен өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде, қосымша ақпарат хабарланады.

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *