Орман шаруашылығы қызметкерлері күні — жыл сайын қазан айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Қазақстандағы кәсіби мереке.
Осы мерекеге орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына еңбегі сіңген қызметкер – орман шебері Хибашев Аслан Мерекеұлы.
Хибашев Аслан Мерекеұлы – көп жылдан бері табиғат қорғау саласында тынымсыз еңбек етіп келеді. Ұжымда құрметке ие,мұқият және сабырлы, ұстамды адам. Сонымен қатар, қоғамдық шараларға белсене араласады.
Орман шаруашылығы саласындағы барлық әріптестерімізді кәсіби мейрамымен құттықтаймыз! Сіздерге үлкен белестер мен жетістіктерге жетуге тілектеспіз!