«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты бойынша
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту және туризм бөлімінің экскурсоводы __________________________ боламын.
Бүгін сіздерді еліміздің табиғаты ерекше қорғалатын аймақтарының бірі – «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватымен таныстыратын боламын.
Алдымен Экскурсия барысында төмендегі қауіпсіздік талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз:
- құтқару кеудешесін шешпеу;
- қайық қозғалып келе жатқанда орын алмастырмау;
- қайықтан суға секірмеу;
- рұқсатсыз орныңыздан тұрмау;
экскурсовод пен қайық жүргізушісінің нұсқауларын орындау.
Енді сіздерге Атырау облысы туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін.
Атырау облысы туралы
Атырау облысы Қазақстан Республикасының батысында орналасқан.
Облыс 1938 жылы Гурьев облысы болып құрылып, 1992 жылы Атырау облысы деп өзгертілді.
Шекаралас облыстар:
- солтүстігінде – Батыс Қазақстан облысы;
- шығысында – Ақтөбе облысы;
- оңтүстік-шығысында – Маңғыстау облысы;
- батысында – Ресей Федерациясының Астрахан облысы.
Оңтүстігі Каспий теңізімен шектеседі.
Облыс орталығы – Атырау қаласы.
2026 жылы Атырау қаласының негізі қаланғанына 386 жыл толды. Қаланың тарихы 1640 жылдан басталады. Сол жылы көпес Гурий Назарьев ұлдарымен бірге Жайық өзенінің жағасына қоныстанып, балық кәсіпшілігін дамытып, ағаштан бекініс тұрғызған. Қазақтар бұл бекіністі «Үйшік» деп атаған. Кейін қала Гурьев аталып, 1992 жылдан бері Атырау атауын иеленді.
Атырау облысының климаты
Облыстың климаты шұғыл континенттік.
- Жазы өте ыстық әрі құрғақ;
- Қысы суық, қар аз түседі;
- Аңызақ жел мен шаңды дауыл жиі соғады.
Шілде айындағы орташа температура +24…+25°С болса, кей күндері +40°С-қа дейін жетеді.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 ақпандағы №119 қаулысымен құрылды.
Жалпы аумағы – 111 500 гектар.
Резерваттың негізгі мақсаты:
- Жайық өзенінің Каспий теңізіне құяр сағасының бірегей экожүйесін сақтау;
- сирек кездесетін жануарлар мен құстарды қорғау;
- балық қорын сақтау;
- ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- экологиялық ағарту;
- экологиялық туризмді дамыту.
Табиғатты қорғау жұмыстарын Приморский және Рыбоходка бекеттеріндегі мемлекеттік инспекторлар тәулік бойы жүргізеді.
Халықаралық мәртебесі
«Ақжайық» резерваты халықаралық деңгейде де ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып табылады.
- 2009 жылы Рамсар конвенциясының тізіміне енгізілді;
- Бонн конвенциясының талаптарына сәйкес қорғалатын аумақтардың бірі болып саналады;
- 2014 жылы ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасына енгізілді.
Бұл Қазақстандағы Каспий теңізі жағалауындағы халықаралық мәртебеге ие алғашқы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың бірі.
Биологиялық алуантүрлілік
Жайық өзенінің атырауы мен Солтүстік Каспий жағалауы Қазақстандағы биоалуантүрлілігі ең бай өңірлердің бірі. Мұнда құстардың
- құстардың – 292 түрі;
- оның ішінде 110 түрі ұялайды;
- 76 түрі қыстайды;
- 106 түрі маусымдық қоныс аударады;
Сонымен қатар:
- сүтқоректілердің – 48 түрі;
- жоғары сатыдағы өсімдіктердің – 227 түрі;
- балықтардың – 95 түрі;
- омыртқасыздардың 3000-нан астам түрі кездеседі.
Туристік маршруттар
Резерватта төрт туристік маршрут бекітілген.
1. «Табиғат әлемі»
Атырау – Дамбы – табиғи аумақтар.
Ұзындығы – 46 км.
Ұзақтығы – 5 сағат 50 минут.
Сәуірден қазанға дейін жұмыс істейді.
Бұл маршрут мектеп оқушыларына, студенттерге, ғалымдарға және табиғат сүйер туристерге арналған.
2. «Су әлемі»
Атырау – Приморский каналы – Каспий теңізі.
Ұзындығы – 64 км.
Ұзақтығы – 7 сағат 10 минут.
Тамыз-қазан айларында ұйымдастырылады.
Экскурсия автокөлік және қайық арқылы жүргізіледі.
3. «Дала әлемі»
Еркінқала – Каменный – Еркінқала.
Ұзындығы – 40 км.
Ұзақтығы – 5 сағат 35 минут.
Бұл бағытта дала табиғаты, жануарлар дүниесі және тарихи орындар көрсетіледі.
Каменный аумағында бұрын казактардың қонысы, ақ тастан салынған шіркеу болған.
Мұнда бұрын балық тұздау цехының қалдықтары сақталған.
4. «Құстар әлемі»
Дамбы – Приморский каналы – Пешной түбегі.
Ұзындығы – 57 км.
Бұл маршрут барысында туристер құстардың ұяларын, қамысты алқаптарды және Жайықтың ерекше табиғатын тамашалайды.
Қазіргі таңда табиғи жағдайларға байланысты алғашқы екі маршрут қана жұмыс істеп тұр.
Экскурсия барысында кездесетін нысандар
«Тілекші» ЖШС
Сол жағымызда орналасқан «Тілекші» ЖШС бекіре тұқымдас балықтарды өсірумен айналысады.
Шабақтар арнайы өсіріліп, кейін Жайық өзеніне жіберіледі.
«Құлагер» шаруа қожалығы
Оң жағымызда орналасқан.
Мұнда таза қанды ағылшын және америкалық тұқымды 30-ға жуық бәйге жылқысы өсіріледі.
Шаруа қожалығында атпен серуендеу қызметі көрсетіледі.
Сонымен қатар иппотерапия әдісі арқылы балаларды оңалту жұмыстары жүргізіледі.
Алдымызда СКЕБР Солтүстік Каспий экологиялық мұнай төгіндісіне әрекет ету базасы
Бұл база Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі мұнай төгінділеріне жедел әрекет етуге арналған стратегиялық нысан болып табылады.
Пешной түбегі
1918–1920 жылдардағы Азамат соғысы кезінде бұл жерде ақ гвардияшылар Кеңес депутаттарын атып өлтірген.
Осы тарихи оқиғаға арнап Пешной түбегінде обелиск орнатылған.
1935–1940 жылдары мұнда метеорологиялық станция мен шамшырақ жұмыс істеген. Енді Пешной түбегіндегі тарихи ескерткіш Обелиск туралы айтып өтсек 1918 жылы 23 наурызда Гурьевке патша армиясының генералы Толстов келеді. Әскери дайындық жұмысы қарулану күшімен қатар жүрді. Ағылшындардан қару-жарақ жеткізіліп, әскери бөлімдер ұйымдастырылды. Осылайша Гурьевте Толстов басқарған ақ гвардияшылар армиясы мұздай қаруланып, қаланы дірілдете ұстады.
Ақ гвардияшылар Гурьев қаласы мен қала аумағындағы елді мекендерді басып-жаншып, совдеп жұмысын жоқ етуді көздеді. Тарих парағындағы 1918 жылдан 1920 жылға дейінгі уақытта Орал губерниясы, соның ішінде Гурьев уезі азамат соғысы кезеңін бастан кешті. Ақ казактар билігі елге қайғы қасірет пен аштық әкелді.
Толстовшылардың айуандығы мен қаталдығы шексіз болды. Олар Совдеп мүшелерінің көзін жоюдың амалын іздеді. Сөйтіп, 1918 жылдың 9 шілдесінен 10-шы шілдеге қараған түні бір топ адамды жабық кемеге ұрып-соғып мінгізіп, Каспий теңізінің Пешной аралына алып кетті. Бұлар Гурьев жұмысшы және солдат депутаттары Советінің белсенді мүшелері Г.Николаев, А.Лоскутов, А.Евсеев, Н.Внуков, И.Катков, Н.Якубович, С.Курдюков, И.Лысяков және Астрахандық жұмысшылар делегациясының бес мүшесі еді. Осы аталғандардың бәрін аралда атып өлтірді.
Қазір Пешной түбегінде сол 1918 жылғы оқиғаға байланысты обелиск орнатылды. 1935-1940 жылдары Пешной арал болды. Ол жерде метеорологиялық станса, шамшырақ болған.
Приморский каналы
.
Приморский каналы 1975-1977 жылдары бұл каналды Жайықтан теңізге су жіберу үшін арнайы қолмен қазып жасалған. Теңізге жақын орналасқандықтан «Приморский» каналы аталып кеткен. Негізгі мақсаты – Жайық өзенінің суын Каспий теңізіне жеткізу. «Құстар жұмағы» экологиялық маршруты Атырау қаласы — Дамба – Пешное экскурсия ұзақтығы 4 сағат Атырау-Дамба арасы тас жол. Дамба-Пешное арасы қара жолмен жүреді.
Каспий теңізі
Каспий – дүниежүзіндегі ең үлкен тұйық көл. Каспий теңізі жөніндегі алғашқы нақтылы мәліметтерді «тарих атасы» атанған грек ғалымы Геродот «Каспий теңізі басқа теңізбен жалғаспайтын, өзінше бөлек, дербес теңіз. Ескекті кемемен жүзгенде оның ұзындығы 15 күндік, ені ең кең жерінде 8 күндік».Каспий теңізі неоген дәуірінің аяғында жер қыртысының көтерілуінен Қара теңізден бөлінді. Бұл кезді Каспий теңізінің пайда болған уақыты деп есептеуге болады. Каспий теңізінің жалпы ауданы 376 мың км2. Оның беті теңіз деңгейінен 28 м төмен жатыр. Теңіз солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 км-ге созыла орналасқан.
Жайық өзені
Өзен Ресей мен Қазақстан арқылы ағып өтіп, Каспий теңізіне құяды.
Ресей Федерациясы (Башқұртстан, Челябі, Орынбор облыстары) мен Қазақстан Республикасы (Атырау, Батыс Қазақстан облыстары) жеріндегі өзен. Жалпы ұзындығы 2428 км, су жиналатын алабының ауданы 237 мың км2 , Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км.
Жайық өзенінің атырабы мен оған іргелес Каспий теңізі жағалауы биоалуантүрліліктің ең бай орналасқан жері болып табылады, онда 292 құстың түрі кездеседі , оның ішінде 110 ұялайды, 76 түрі қыстайты және 106 ұшып өтеді. Сүтқоректілердің 48 түрі мекен етеді. Жоғары өсімдіктер 227 түрі өседі. Балықтардың 95 түрі, омыртқасыздардың 3000-нан астам түрі бар. Сирек кездесетін жануарлар Резерват аумағында:
- Каспий итбалығы;
- аққұйрықты субүркіт;
- бұйра және қызғылт бірқазан;
- қарабай;
- қыланқарабас шағала;
- үлкен және кіші аққұтан;
- қабан;
- қарсақ;
- түлкі;
- көптеген шағала түрлері мекендейді.
Олардың бірқатары Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. ЕҚТА-да кәдімгі шағала (Черноголовый хохотун), қыланқарабас, өгіз шағала, үлкен қарқылдақ — шағала отрядына жататын құстүрі кездеседі. Кәдімгі шағала Батыс Еуропада, Моңғолияда, Солтүстік Қытайда таралған. Қазақстанда қамыс, қоға, тал қалың өскен өзен, көл жағасында, батпақты шалшық сулы жерледе кездеседі.
Шағаласыз көлдер мен теңіздерді елестету қиын болар еді. Бұл құстар қоқыс жинай алатын жерде өмір сүреді. Шағала – құстардың агрессивті және жанжалшыл өкілі. Мұндай құс үлкен топта өмір сүруге дағдыланған және жақсы орын немесе азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін үнемі күреседі.
Орнитологтар шағалалардың 44 түрін анықтай алды. Шағала Қазақстанға сәуірдің басында ұшып келеді. Шоғырласып ұясын жерге салады. Олар 2-3 жасында жетіледі. Аналығы ұяға 1-4 жұмыртқа салып, оны 24-26 күнде басып мамық қауырсынды балапан шығарады. Балапандар 40-45 күнде қанаттанып, ұядан ұшады. Жәндіктермен қоректенеді, әсіресе масаларды жақсы жейді. Тамыздың басында қыстау үшін Оңтүстік-Шығыс Азияға ұшып кетеді..
Қызықты деректер: Шағалалар басқа құстардың жұмыртқасын, олжасын ұрлап жейді. Тіпті басқа шағалалардың да балапанына шабуыл жасауға бар.
Шағаланың үлкен және кіші түрі болады. Ең жас тұқымдастарының салмағы 100-150 грам. Ал ең ірі теңіз шағаласы 2 келіге дейін жетеді.
Қыланқарабас шағала – ақпанның аяғы – наурыздың басында ұшып келіп, тамыз – қыркүйекте ұшып кетеді. Санының жылдан-жылға азаюына байланысты Наурызым мен Қорғалжын, Алакөл қорықтарында, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Үлкен және кіші аққұтан (Большая белая цапля) – ескекаяқты құстар отрядының тұқымдасына жататын ірі әрі өте сақ құс. Қазақстанның оңтүстік аймағында таралған. Жайық бойын, Қамыс,Балқаш — Алакөл ойысында жатқан көлдер жағалауларын мекендейді.
Түсі ақ, салмағы 1,5 кг, қанатының ұзындығы 40-45 см болады. Қимылы баяу, үн шығармайды. Олар топтасып тіршілік етеді, ұя салар кезінде қамыстың арасында шағын топ немесе жеке-жеке жұп құрады. 3-5 ақ, көкшіл тартқан жұмыртқа салады да, оны екеуі кезектесіп басып шығарады. Балапандарын 45 күн ұяда асырайды.
Ақ құтан балықпен, көлбақалармен, көкқасқа шегірткемен, инеліктермен, жәндіктермен және олардың дернәсілдерімен, ұсақ кеміргіштермен, кесірткелермен қоректенеді.
Аққұтан – жыл құсы. Қазақстанға наурыз айында ұшып келеді де, қазан айында жылы жаққа ұшып кетеді. Кейбір Ақұтандар Қазақстанның оңтүстігіндегі қатпайтын өзендердің бойында қыстап қалады. Аққұтан — сирек кездесетін құс.
Қабан — жабайы шошқа – сүтқоректілер класының жұптұяқтылар отрядына жататын жануар. Қамыстар мен батпақты жерлерде, өзен аңғарларында көп кездеседі. Өздері өніп-өседі. Денесі ірі, мойыны жуан, басы сүйір, тұмсығы конус тәрізді көлденеңнен кесілген болып келеді, аяғы мықты. Құлағы үлкен және жалпақ, көзі кішкентай, танауы таңқы. Денесін қалың қылшық басқанАналығы (мегежіні) 4 – 10 торай туады. Қорек таңдамайтын жануар, топырақты қазып құрт-құмырсқа, өсімдік тамырлары, ұлулар және ұсақ тышқандармен қоректенеді.
Негізінен, түлкілер – түнгі жануарлар, яғни олар күндізге қарағанда түнде белсендірек болады. Олардың көру, иіс сезу және есту мүшелері өте жақсы дамыған. Түлкілер тамақ талғамайтын жануарларға жатады. Олар қояндар, тышқандар, құстар және жәндіктер секілді ұсақ жануарларды аулайды. Олар аңға жалғыз шығады, өздерінің құрбандарын аса қулықпен және төзіммен байқатпай аңду арқылы алады. Көптеген түлкілердің қорегі олардың өмір сүрген орталарына байланысты әртүрлі болып келеді. Кейбір түлкілер жемістерді, көкөністерді, балықты және жұмыртқаны да жей береді.
Әдетте түлкілер қыс кезінде шағылысып, ұрғашысы 50-55 күнге созылатын буаздық кезеңінен соң 2-ден 20-ға дейін күшіктерін дүниеге әкеледі.
Әдетте түлкілер інде түнемейді. Олар құйрықтарына оранып алып, ашық аспан астында ұйықтағанды ұнатады. Америкалық түлкілер ғана інде өмір сүргені болмаса, басқа түрлерінің көбі өмірге ұрпақ әкелер кезде ғана індерде өмір сүреді.
Каспийская нерпа (Каспий итбалығы)– нағыз итбалықтар тұқымдасына жататын ескек аяқты сүтқоректі аң. Оны қазақ тілінде түлен деп те атайды. Каспий итбалықтарының көбеюі, қоректенуі, жұптасуы және түлеуі қаңтар-сәуір айларында Солтүстік Каспий мұздары мен аралдарында өтеді.
Қыста жыныстық жағынан жетілген аналық дарақтар күшіктеуге және күшіктерді қоректендіру мақсатында мұзға келеді. 2020 жылғы 13 қарашада Каспий итбалығы Үкімет қаулысымен Қызыл кітапқа енгізілген.
Қарсақ – иттер тұқымдасының түлкі туысына жататын жыртқыш аң. Терісі бағалы аң.Қысқы жүні қалың, жұмсақ әрі жібектей болып келеді. Жазғы жүні қысқа, ірі және түбітсіз келеді.Қарсақтың түлкіден айырмашылығы: құлағы ақ, үлкен тұмсығы сүйір болады.
Қарсақ жылына екі рет түлейді (көктемде және күзде). Тереңдігі 1 – 2 м, ұзындығы 4 – 6 м ін қазып алып, сонда тіршілік етеді. Кейде түлкі, борсық және суырлардың ескі індерін де пайдаланады.
Қарсақ қорек іздеуге таңертеңгі және кешкі мезгілде шығады. Негізгі қорегі – тышқан, құмтышқан, сарышұнақ, қоян, т.б. Сондай-ақ, қарсақтар тасбақаны, құсты, жыланды, кесірткені де жейді.
Қарабай — ескекаяқтыларға жататын құс. Саны күрт кеміп бара жатқан түр, қәзіргі кезде тек Солтүстік Каспий маңын мекендейді. Мұндағы сирақты құстардың аралас тобында қарабайдың 173 қана ұясы бар. Қамысты жерлерде тіршілік етеді. Санының азаюына әсер ететін негізгі факторлар — су деңгейінің көтеріліп кетүі, қамысты шауып алу, өрттің жиілігі, аңшылық, ұялы мекенін адамдардың мазалауы. Жыл құсы. Үндістанда қыстайды. Жүздеп, тіпті мыңдап шоғыр құрып, жиі құтандар, суқұзғындары, ақтұмсық қарғалармен бірге ұялайды. Ұяларын ағашқа және қамысқа салады. Мамырдың бірінші жартысында 3-4 жұмыртқа туады.
Орлан белохвость Аққұйрықты субүркіт — Қазақстанның Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарындағы жағалаулары тік жарлы, құзды өзендер бойында қалың тоғайларын, қамысты үлкен су қоймаларын мекендейді. Аққұйрықты субүркіт-отырықшы құс. Ұясын ағаш басына салып, оны бірнеше жыл пайдаланады. Жұбы жазылмай наурызда 1-3 жұмыртқа салады. Оны ұябасары 30-40 күндей шайқайды. Балапандары ұядан 2 айдан кейін ұшып шығады.Аққұйрықты субүркіт — үйректермен, балықтармен, ондатрлармен, ал Каспий теңізінде итбалықтың күшіктерімен қоректенеді. Саны аз, сирек кездесетін жыртқыш құс болғандықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
Балыққа және су құстарына бай, жағалауларында көктерек-тал (Жайық, Ертіс өзендері), қарағай (Науырызым), балқарағай (Марқакөл) қамыс пен тоғай (Қазақстанның оңтүстігі) өскен суқоймаларында көптеп кездеседі.
Бірқазан Пеликан-Қазақстанда екі түрі: бұйра бірқазан және қызғылт бірқазан тараған. Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, Сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1,8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Тұмсығы өте ұзын, төменгі жақ сүйегінің астында созылмалы тері қапшығы болады. Бұйра бірқазанның тұмсығының астындағы қапшығы әдетте ақшыл сары, ал көбейер кезде қызғылт сары болады. Аяқтары қысқа, қанаттары ұзын (60 – 80 см) және жалпақ. Бірқазан – жыл құстары, наурыз айында ұшып келіп, өніп-өсіп, қараша айында жылы жаққа ұшып кетеді. Жерорта, Каспий теңіздерінің оңтүстік жағалауында, Оңтүстік Азияда қыстайды. Судың тереңірек жеріне салған көлемді ұяларына бір – бес жұмыртқа салып, оны қоразы мен мекиені жұптасып басып, отыз – отыз бес күнде балапандарын өргізеді.
Қорытынды
Құрметті қонақтар!
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты – Жайық өзенінің сағасы мен Солтүстік Каспийдің қайталанбас табиғатын сақтап отырған ерекше қорғалатын табиғи аумақ.
Осында мекендейтін өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Назар қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!
Экскурсиямыз сіздерге қызықты әрі әсерлі болды деп сенемін. Сұрақтарыңыз болса, қуана жауап беремін.
