- 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні!Осы айтулы күнге орай Атырау облысының Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ұйымдастыруымен «Атырау облысының туризмі: жаңа мүмкіндіктер мен басым бағыттар» тақырыбында өңірлік туристік форум өтті. Форумға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры Ж.Т. Муратуллин, ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н.Т. Махметова және мекеме қызметкерлері қатысты. Форум барысында өңірдегі туризмді дамыту, жаңа туристік бағыттарды қалыптастыру, экологиялық …
- «Таза Қазақстан» – таза табиғат!Бүгін «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні аясында экологиялық сенбілік өткізді. 🧹 Сенбілік Рыбоходный каналы бойында ұйымдастырылып, оған 50 қызметкер қатысты. Ұжым бірлесіп, аумақты қоқыстан тазалап, табиғи ортаның тазалығын сақтауға өз үлесін қосты. 🌱 Таза табиғат – таза болашақтың кепілі.Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз! 💚 ТазаҚазақстан #WorldCleanupDay
- «Ақжайық» резерватына жұмыс сапарымен келді2026 жылғы 16 қыркүйек күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы А.С. Бермагамбетов «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапары барысында резерват қызметкерлерімен кездесу өткізіліп, оған Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Р.Г. Дәулетов қатысты. Кездесу барысында резерват аумағында жүргізіліп жатқан жұмыстардың …
- «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен кездесу өтті2026 жылғы 15 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының Өңірлік инспекторы А.Қ. Бегімбековтің Атырау облысына экологиялық ахуал мәселелері бойынша жоспарланған жұмыс сапары аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен кездесу өтті. Сапар барысында резерват аумағына әуеден бақылау жүргізіліп, Каспий теңізінің тайыздануына байланысты аумақта пайда болатын шаңды дауылдардың жағдайы қаралды. Кездесу барысында резерваттың табиғи кешендерді қорғау және …
Read more ««Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымымен кездесу өтті»
- Танымдық дәріс өтті2026 жылғы 15 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Атырау қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы №7 орта мектептің оқушыларына «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының биоалуантүрлілігі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға резерват аумағында кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, құстардың алуан түрлері, сондай-ақ сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, табиғи аумақтарды …
- «Таза Қазақстан» – табиғатты бірге қорғайық!«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумаққа келушілер арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. ♻️ Келушілерге табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау, қоқыс қалдырмау, табиғи аумақтарда белгіленген талаптарды сақтау және биоалуантүрлілікті қорғаудың маңыздылығы түсіндірілді. 🌱 Табиғатты қорғау – әр адамның ортақ міндеті!
- ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауытының” қызметкерлерімен кездесу өттіЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауытының” қызметкерлерімен кездесу өтті Ағымдағы жылдың 11 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин және мекеме мамандары ЖШС “Атырау мұнай өңдеу зауытының”қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы экологиялық туризмді және әуесқой-спорттық балық аулауды насихаттау, сондай-ақ табиғатты қорғау бағытындағы ақпараттарды көпшілікке жеткізу. Іс-шара барысында «Ақжайық» …
Read more «ЖШС «Атырау мұнай өңдеу зауытының” қызметкерлерімен кездесу өтті»
- ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Абай атындағы Атырау облысының оқушылар орталығының мамандарымен кездесіп, «27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні» мерекесіне орай бірлескен іс-шара өткізу жоспарын талқылады. Кездесу барысында алдағы іс-шараның мазмұны, өткізу форматы, қатысушылар құрамы және ұйымдастыру мәселелері қарастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында туризмді, туған өлкенің табиғи байлығын танып-білуді және қоршаған ортаға жауапкершілікпен …
- «Суда жүзетін және су маңы құстарының күзгі санағы» тақырыбында семинар өттіМемлекеттік табиғи резерват аумағында суда жүзетін және су маңы құстарының күзгі санағын ұйымдастыру және жүргізу мәселелеріне арналған семинар өткізілді. Семинар барысында күзгі көші-қон кезеңіндегі құстарды есепке алу әдістері, бақылау маршруттарын ұйымдастыру, құстардың түрлік құрамын анықтау және олардың санын тіркеу тәртібі қарастырылды.
- «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жиналыс өттіАғымдағы жылдың 8 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының акт залында мекеме директоры Ж.Т. Муратуллин және заңгер Ж.Т. Джакумбаевтың қатысуымен мемлекеттік инспекторларға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, Азаматтық қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптары, сондай-ақ заңдылықты сақтау және қызметтік міндеттерді жауапкершілікпен орындау мәселелері талқыланды. 🔹 Кездесудің негізгі мақсаты – мемлекеттік инспекторлардың құқықтық …
- «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымына арналған оқу өтті2026 жылғы 7–8 қыркүйек күндері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ ұжымының қатысуымен онлайн форматта оқу өткізілді. Оқу Zoom бейнеконференция платформасы арқылы ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі талаптарына сәйкес еңбек заңнамасын қолдану, келіссөздер жүргізу және еңбек дауларында өзара келісімге қол жеткізу дағдыларын жетілдіруге бағытталды. 🔹 Оқу барысында еңбек заңнамасының негізгі талаптары, еңбек дауларын қарау тәртібі және …
Read more ««Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымына арналған оқу өтті»
- Бірлескен іс-шаралар жоспары талқыланды7 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Атырау облысы Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығы директорының орынбасары Ілиясов Макаш Алмасұлымен кездесу өткізді. Кездесу барысында 2027 жылы бірлесіп өткізілетін іс-шаралардың жоспары талқыланды. Тараптар алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін қарастырды.
- «5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай кездесу өтті«5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» РММ директоры Ж.Т. Муратуллин Атырау облысы әкімдігінде Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Тауфиқұлы Жоламановпен кездесті. Кездесу барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілін дамыту және насихаттау бағытындағы жұмыстар талқыланып, өзара пікір алмасты. 📜 Мерекеге орай мемлекеттік …
Read more ««5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай кездесу өтті»
- Қазақстан халқының тілдері күніне орай“5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күніне”орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің ғылыми қызметкері С.Ж. Сабирова мемлекеттік тілдің дамуы мен насихатталуына өз үлесін қосып келеді. Қазақ тілінің Ұлттық корпусын кеңейту мақсатында ихтиология және балық шаруашылығына қатысты 2000-нан астам терминді қазақ және орыс тілдерінде жинақтап, Ұлттық терминология комиссиясының қарауына ұсыну үшін Атырау облысының …
- «38. Соңғы нүкте» фильмін тамашалады«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин, директордың орынбасарлары және мекеме қызметкерлері «38. Соңғы нүкте» көркем фильмін тамашалады. Драма-катастрофа жанрындағы бұл туынды табиғи апатпен бетпе-бет келген орманшылардың тағдырын арқау етеді. Фильмде адам өмірінің құндылығы, кәсіби жауапкершілік, достық, отбасы, ерлік пен қиын сәттегі таңдау мәселелері кеңінен қозғалады. Картина қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан азаматтардың рухына …
- Минералды жолақ«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында минералды жолақтарға күтім жасау жұмыстары жоспарға сәйкес жүйелі түрде жүргізілуде. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – өрттің таралуына жол бермеу және табиғи аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Аким Махамбетского района посетил государственный природный резерват «Акжайык»27 августа текущего года аким Махамбетского района Атырауской области Кайрат Ескабылович Нурлыбаев с рабочим визитом посетил государственный природный резерват «Акжайык». В ходе визита аким района ознакомился с деятельностью резервата, а также совместно со специалистами рассмотрел по картографическим материалам приграничные территории Махамбетского района и государственного природного резервата «Акжайык». Основной целью визита стало изучение состояния сенокосных угодий …
Read more «Аким Махамбетского района посетил государственный природный резерват «Акжайык»»
- (без названия)24 тамыз күні Ақтау қаласында Каспий өңіріндегі БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) бастамалары бойынша алдын ала консультациялық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау, экожүйелерді тұрақты басқару, айналмалы экономиканы дамыту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ теңізді қоқыс пен пластикпен ластанудың алдын алуға бағытталған жобалардың негізгі басымдықтарын талқылау. Жиын барысында Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін бірлесіп …
- Кездесу ұйымдастырылдыАғымдағы жылдың 25 тамызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері «Светланд-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, кәсіпорын қызметкерлерімен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру мақсатында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында резерват аумағында көрсетілетін қызмет түрлері, оларды алу тәртібі және табиғи аумақты қорғау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
- «Таза Қазақстан» — тазалық пен табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады!«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының келушілері арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи байлығына ұқыпты қарау жөнінде ақпарат берілді. 🌱 Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет!🤝 Таза Қазақстан …
Read more ««Таза Қазақстан» — тазалық пен табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады!»






