Аким Махамбетского района посетил государственный природный резерват «Акжайык»

27 августа текущего года аким Махамбетского района Атырауской области Кайрат Ескабылович Нурлыбаев с рабочим визитом посетил государственный природный резерват «Акжайык». В ходе визита аким района ознакомился с деятельностью резервата, а также совместно со специалистами рассмотрел по картографическим материалам приграничные территории Махамбетского района и государственного природного резервата «Акжайык». Основной целью визита стало изучение состояния сенокосных угодий …

24 тамыз күні Ақтау қаласында Каспий өңіріндегі БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰДБ) бастамалары бойынша алдын ала консультациялық кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – Каспий теңізінің биоалуантүрлілігін сақтау, экожүйелерді тұрақты басқару, айналмалы экономиканы дамыту, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ теңізді қоқыс пен пластикпен ластанудың алдын алуға бағытталған жобалардың негізгі басымдықтарын талқылау. Жиын барысында Каспий теңізінің экологиялық мәселелерін бірлесіп …

Кездесу ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 25 тамызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері «Светланд-Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, кәсіпорын қызметкерлерімен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат беру мақсатында кездесу ұйымдастырды. Кездесу барысында резерват аумағында көрсетілетін қызмет түрлері, оларды алу тәртібі және табиғи аумақты қорғау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Таза Қазақстан» — тазалық пен табиғатты қорғау әрқайсымыздан басталады!

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының келушілері арасында үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастау, табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтың табиғи байлығына ұқыпты қарау жөнінде ақпарат берілді. 🌱 Табиғатты қорғау — баршамызға ортақ міндет!🤝 Таза Қазақстан …

Атырауда “Ақжайық” резерваты аумағында ағаш өсіру жобасы талқыланды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов “Forest of Central Asia” ЖШС басшысы Темірбек Мамаевпен кездесіп, “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының Жайық өзеніне таяу жерінен ағаш өсіретін тәлімбақ құру жөніндегі инвестициялық жобаны талқылады. Кездесуге «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин қатысып, Атырау облысы үшін ағаш өсіретін тәлімбақ құрудың маңыздылығын атап өтіп, жобаны іске асырудың экологиялық тиімділігіне тоқталды …

12 тамыз – Халықаралық Каспий күні

12 тамыз – Халықаралық Каспий күніне орай NCOC компаниясының ұйымдастыруымен Каспий теңізінің бірегей экожүйесі мен бай биоалуантүрлілігін қорғаудың маңыздылығын арттыруға бағытталған онлайн және офлайн форматтағы кездесу өтті. Іс-шараға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин және ғылыми істер жөніндегі директордың орынбасары Н.Т. Махметова қатысты. Кездесу барысында Солтүстік Каспий өңірінің табиғи байлығын сақтау, экологиялық мониторинг жүргізу, …

Марапатталды!

«12 тамыз – Халықаралық Каспий күніне» орай «Таза Каспий: өңіраралық ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шара барысында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н. Т. Махметова «Каспий теңізі суының тартылуының «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының биоалуантүрлілігіне әсері» тақырыбында баяндама жасады. Жиын барысында Каспий теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту, өңіраралық ынтымақтастықты нығайту, биоалуантүрлілікті сақтау және …

Ғылым және мониторинг бөлімі кезекті далалық мониторинг жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында жаңа мониторингтік маршруттар қаралып, гербарий үлгілері жиналып, құстарға мониторинг жүргізілді. Табиғи экожүйелердің жай-күйін бағалауға бағытталған зерттеу жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.

Жайық сағасы мен Каспий жағалауының биоалуантүрлілігін сараптау барысында Каспийге ғана тән эндемик ұлу – Pyrgohydrobia conica анықталды.Бұл кішкентай бауыраяқты моллюск қамысты, лайлы-құмды таяз суларда тіршілік етеді және су экожүйесінің экологиялық жағдайын көрсететін маңызды индикатор болып саналады.Өлшемі шағын болғанымен, ол органикалық қалдықтар мен балдырларды тұтынып, судың табиғи тазаруына үлес қосады әрі балықтар мен су құстары үшін …

Өрт қауіпті кезеңде табиғи аумақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірлесіп резерват аумағында шолу және тексеру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы бақылауға алынып, ықтимал қауіптердің алдын алу шаралары қарастырылды. Сонымен қатар резерват мамандары өрттің таралуына жол бермеу мақсатында минералды жолақтардың жай-күйін тексеріп, олардың …