25 ҚАЗАН – РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ СЕНБІЛІК ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

2026 жылғы 23 қазанда “25 қазан – Республика күніне” және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақта және резерват кеңсесінде тазалық жұмыстарын жүргізіп, сенбілік ұйымдастырды. 🌱 Іс-шараның мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«ECO FORUM: ЖАСЫЛ БОЛАШАҚ – ЭКОЛОГИЯ, ЭНЕРГИЯ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУ» ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ФОРУМЫ ӨТТІ

2026 жылғы 23 қазанда Нұрғиса Тілендиев атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында «ECO FORUM: Жасыл болашақ – Экология, энергия және тұрақты даму» атты облыстық экологиялық форум өтті.🌱 Аталған форумға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Н.Т. Махметова мен резерват мамандары қатысты.🌍 Форумның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану …

КАСПИЙ ТЕҢІЗІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КЛИМАТТЫҚ СЫН-ҚАТЕРЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылғы 20 қазанда Атырау қаласында Каспий теңізінің экологиялық және климаттық сын-қатерлеріне арналған Climate Talks панельдік пікірталасы өтті. Іс-шараға «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин қатысты. Пікірталас барысында Каспий теңізінің экологиялық жағдайы, климаттың өзгеруі, су деңгейінің төмендеуі және теңіз экожүйесін сақтау мәселелері талқыланды. 🌿 Мұндай кездесулер қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аударуға, тәжірибе алмасуға …

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына және “19 қазан – Құтқарушылар күніне” орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Джексенғалиев Унайбай Жұмабайұлы мен Катапов Мұбарак мерекелік медальмен марапатталды. Марапаттарды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Н. Жаңабаев табыстады. 👏 Әріптестерімізді лайықты марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз! …

КЕҢӨЗЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

13 қазан күні Кеңөзек ауылдық округінің әкімдігінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жергілікті тұрғындармен және жеке қожалық өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Ж.Т. Муратуллин мен Атырау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Е.Б. Ғабитов қатысты. Жиын барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, өрттің туындау себептері мен оның алдын алу шаралары бойынша түсіндіру …

СТУДЕНТТЕР «АҚЖАЙЫҚ» РЕЗЕРВАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің «Экология» мамандығы бойынша 3-курс студенттері «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының кеңсесіне келіп, мекеме қызметімен танысты. Кездесу барысында студенттер резерваттың негізгі қызмет бағыттары, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғатты қорғау жұмыстары туралы мамандардан мәлімет алды. 🌱 Мұндай кездесулер болашақ мамандардың кәсіби білімін жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

«ЕмбіМұнайГаз» АҚ қызметкерлерімен кездесу өтті

7 қазан күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары «ЕмбіМұнайГаз» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында резерваттың қызметі, биоалуантүрлілігі, экотуристік бағыттары және басқа да ақылы қызмет түрлері таныстырылды. 🎣 Сондай-ақ әуесқой-спорттық балық аулау тәртібі, рұқсат алу талаптары және табиғатты қорғау ережелері түсіндірілді. 🌱 Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

4 ҚАЗАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ

2 қазан күні “4 қазан – Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне” орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экология мамандығында білім алатын 1 және 4 курс студенттеріне «Ақжайық» резерватының биоалуантүрлілігі» тақырыбында танымдық дәріс өткізді. 🌿 Дәріс барысында резерват аумағында мекендейтін жануарлар дүниесі, сирек кездесетін және қорғауға алынған жануарлар түрлері, олардың табиғи экожүйедегі …