Таза Қазақстан: Табиғатты аялау – ортақ міндетіміз!



2025 жылдың 9-шы қаңтар күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандарымен және Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығының №3 экология-биология бірлестігінің оқушылармен бірге «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тұқымдарды контейнерлерге отырғызу арқылы көшет өсіру іс-шарасы өтті. Оқушылар тұқымдарды контейнерлерге отырғызып, болашақ жасыл әлемге алғашқы қадам жасады. Жалпы 105 үйіңкі, шаған, бозарша тұқымдары егілді.

 Бұл іс-шараның мақсаты:
​•​Табиғатты қорғауға үлес қосу.
​•​Экологиялық білім мен жауапкершілікті қалыптастыру.
​•​Көгалдандырудың маңыздылығын түсіндіру.

Оқушыларымыздың тынбай еңбек етіп, ерекше шабытпен жұмыс істегені көңіл қуантады!  Табиғатты аялау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Оқушыларымыздың ынтасы мен белсенділігі – ертеңгі экологиялық таза Қазақстанның кепілі!
Ал егілген тұқымдар өскенде, олар жаңа өмірдің символына айналады!

Leave a Comment

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *