2025 жылдың ақпан айының 13-ы күні «2 ақпан — Халықаралық сулы-батпақты алқаптар күніне» орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен Атырау облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназиясында «Табиғат тынысы — сулы-батпақты алқаптар» тақырыбында семинар өткізілді. Сонымен қатар, қатысушылар арасында викторина ұйымдастырылып, түрлі сұрақтарға жауаптар берілді.
Кездесудің басты мақсаты – еліміздегі сулы-батпақты жерлердің маңызын түсіндіру және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының тыныс тіршілігімен кеңірек таныстыру болып табылады.
Семинар соңында қатысушылар фотокөрмемен танысып, бетшелер таратылды.
