«Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті

2025 жылдың 26 наурызында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында «Парктер шеруі – 2025» халықаралық табиғат қорғау акциясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығының №3 экология-биология бірлестігінде ұйымдастырылды.

Ашылу рәсіміне табиғат қорғау саласының мамандары, оқытушылар, студенттер мен мектеп оқушылары, сондай-ақ жергілікті билік өкілдері қатысты. Жалпы қатысушылар саны – 200 адам. Шара барысында құттықтау сөздер айтылып, оқушылар экологиялық тақырыптағы өнерлерін көрсетті.

«Парктер шеруі – 2025» акциясының негізгі мақсаты – жас ұрпақты табиғатты аялауға тәрбиелеу, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың маңыздылығын түсіндіру және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Баршаңызды табиғатты қорғау қозғалысына белсенді атсалысуға шақырамыз!

https://www.tiktok.com/@gpr_akzhaiyk/video/7486494157490507016?_r=1&_t=ZM-8v2DnPSl555

Leave a Comment