“Ақжайық” резерватындағы қамыстың жануы оқшауланды

2 маусым 2025 жылы
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында қамыстың жануы оқшауланды.
Жанған аумақ: шамамен 1050 гектар.

Өртті сөндіруге жұмылдырылған күштер:
•⁠ ⁠«Ақжайық» МТР — 32 қызметкер, 10 техника, 2 жүзу құралы
•⁠ ⁠Атырау облысы ТЖД — 85 қызметкер, 15 техника
-«Қазавиақұтқару» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы 10 мәрте ұшып, 30 тонна су төкті.

Өрт 2025 жылғы 31 мамыр күні таңертең Атырау қаласынан 20 шақырым жерде, Дамба ауылы маңындағы батпақты аумақта басталған.
Үш тәулік бойы өрт сөндірушілер қиын жағдайда (батпақ, жел, қалың қамыс) өртпен күресті.
Техниканың өрт ошағына жете алмауына байланысты авиация күші пайдаланылды.

Дрон және жаяу мониторинг нәтижесі бойынша:
Жануарлар әлеміне зиян келмеген.
Аумақ тәулік бойы бақылауда.