
Жемқорлықпен күрес — бүгінгі күннің ең өзекті және алғашқы мәселелерінің бірі. Әрбір қоғамның даму жолында жемқорлыққа қарсы күресу заңның негізі мен этикалық нормалардың берік болуы маңызды болып табылады. Жемқорлық, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарға теріс әсер ете отырып, азаматтардың сенімін жояды, әлеуметтік әділеттілікке зиян келтіреді.
Заңның үстемдігі жемқорлыққа қарсы күрестің негізін құрайды. Заңды құрметтеу, әділдік сезімін қалыптастыру және құқық қорғау органдарының функционалдығын күшейту — осы бағыттағы маңызды қадамдар. Жемқорлыққа қарсы шаралар тек заңнамалық өзгерістермен шектелмей, қоғамдық сана мен мәдениетте де өзгерістерді қажет етеді.
Қоғамда азаматтық белсенділікті арттыру, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету, парасатты басқару жүйесін қалыптастыру — жемқорлықпен тиімді күресудің кілті. Барлық мүдделі тараптардың, соның ішінде азаматтардың, мемлекеттік органдардың және жеке сектордың ынтымақтастығы осы проблеманың шешімін табуы үшін шешуші рөл атқарады. Тек осындай кешенді көзқарас жемқорлыққа қарсы нақты нәтижелер алуға мүмкіндік береді.
Жемқорлықпен күресуде білім мен ақпараттың рөлі ерекше. Азаматтардың құқықтары мен міндеттерін білулері, мемлекеттік басқарудың механизмдерін түсінулері — осы мәселеде азаматтық қоғамның функциясын арттырады. Қоғамдағы білім деңгейінің жоғарлауы, парасаттылық мәдениетінің қалыптасуы жемқорлықтың алдын алуға бағытталған әрекеттердің негізін құрайды. Жастар арасында құқық қорғау, әдеп нормалары мен этикалық стандарттарды насихаттау арқылы біз болашақ ұрпақтың жемқорлыққа қарсы тұру қабілетін арттыра аламыз.
Сондай-ақ, технологияның дамуымен ақпараттық технологияларды қолдану жемқорлықпен күресудің жаңа құралдарын ұсынады. Мысалы, цифрлық платформалар арқылы азаматтар мемлекеттік қызметтердің ашықтығын бақылай алады және өз құқықтарын қорғау үшін деректер жинай алады. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік органдардың есептілігін арттырып, халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтады.
Ақырында, жемқорлықпен күресуде халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор. Мемлекет жеке-дара бұл мәселені шеше алмайды. Халықаралық ұйымдар мен келісімдер консенсус негізінде жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді шараларын жүзеге асыруға көмектеседі, сондай-ақ тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Тек осы бағыттағы бірлескен әрекеттер ғана, яғни барлығымыз бірігіп ауызбіршілікте ғана жаһандық деңгейде жемқорлықты жоюя аламыз.
«Ақжайық» мемлекеттік
табиғи резерватының»
РММ заңгері А.Д.Енсегенов
