«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының үйлестіру кеңесі өтті

2025 жылғы 29 шілдеде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының акт залында үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Кеңеске қатысушылар:
• «Ақжайық» МТР РММ директоры – Д.К. Ескабулов
• Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің басшысы – Б.Б. Измуханова
• Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы – А.Р. Қалжанова
• Дамбы ауылдық округі әкімдігінің өкілі – А.Ш. Сабиров
• Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының маманы – Д. Тоқсанова
• «Shagala travel» туристік ақпараттық орталығының өкілі – К.А. Аиткужин
• «Visit Atyrau» туристік ақпараттық орталығының қызметкері – Ж.Қ. Макашева
• Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы – Д.Қ. Қоспанов

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Үйлестіру кеңесінің жаңа құрамымен танысу
2. «Ақжайық» МТР аумағындағы құрлықтық «Дала әлемі» маршрутына өзгерістер енгізу мәселесін талқылау