«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Ғылым және мониторинг бөлімінің мамандары кезекті ғылыми мониторинг жұмыстары барысында Каспий итбалығын объективке түсіріп алды.
Каспий итбалығы — теңіздің эндемигі, яғни әлемде тек осы теңізде ғана өмір сүретін ерекше тіршілік иесі.
Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.
Мұндай сәттер өте сирек кездеседі және ерекше ғылыми құндылыққа ие.
