Құстардың өліміне байланысты зерттеу нәтижесі

2025 жылы 20 шілдеде Шалыга аралында табылған 3 өлі шағала құстарының үлгісін Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жолданып, зертханалық талдау жүргізілді.

22.07.2025 ж. №1-S25W-181/B- -02-01 хаттамасына сәйкес, жұқпалы ауру белгілері анықталмады.

23 шілдеде резерват мамандары және уәкілетті органдар бірлесіп, құс өлекселерін ветеринариялық тәртіппен жойды.

Құстарға қатысты бақылау жұмыстары тұрақты түрде жалғасуда.