2025 жылдың 16 тамыз күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғирезерватының «Рыбоходный» каналында, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен балықшылар арасындағы әуесқой–спорттық балық аулаудан ашық турнир ұйымдастырылып өткізілді.
Аталмыш шараны өткізудегі негізгі мақсат Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аймақтарында экологиялық туризмді дамыту маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Соның ішінде резерват аумағындағы спорттық-әуесқойлық балық аулау, экологиялық және демалыс туризміне оң әсерін тигізіп, халықтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді. Балық аулаушыларға табиғатпен етене байланыста болып, экологиялық қағидаларды сақтай отырып, сүйікті істерімен айналысуға мүмкіндігі беріледі.
Турнирді ресми түрде «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватыныңдиректоры Ескабулов Даурен Қайыржанұлы алғы сөзімен ашып берді.Ол өз сөзінде бүгінгі өткізіліп жатырған турнирдің біздің аумақта алғаш болып жатырғанын және әріқарай жалғасын табатынын тілге тиек етті. Турнирге қатысушылар таңғы сағат 7:00-де Рыбоходный бекетіне келіп, тізімге тіркеліп, өздеріне берілген участкеге барып орналасты. Жарыс басталмастан бұрын, экологиялық ағарту және туризм бөлімі мамандары қатысушыларды жарыстын өтілу барысымен, ЕҚТА-та әуесқой-спорттық балық аулаудың тәртібі олардың заңнамаларымен, қауіпсіздік ережелерімен толыққанды таныстырды.
Турнир өте қызықты, тартысты өтті. Қатысушылардың дайындықтары, іс-шараға сай киім-киістері, құрал-саймандары өте жоғары деңгейде болды. Шара барысында қатысушылар арасында әртүрлі ойындар ойнатылды.
Аталмыш турнирге бағдарлама бойынша 30 балықшы қатысты.Турнир соңында балықшылардың аулаған балықтарын қазылар алқасы таразыға салып есептеу арқылы, қатысушыларды I, II, III-ші орындармен сондай-ақ әртүрлі номинациялар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
I орын Кадырбеков Ануар (2 комнаталы туристерге арналған полатка)
II орын Марат Ералхан (туристерге арналған ыдыстар жиынтығы)
III орын Максимов Ержан (балық аулауға арналған қармақ құралы)
Ең жас қармақшы Ашимов Мадияр (балық аулауға арналған қармақ құралы мен термос кружка)
Шара соңында қатысушыларға арнайы стол дайындалып мекеме атынан құрмет көрсетілді. Сонымен қатар турнир қатысушылары осы шараны ұйымдастырған «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватыныңқызметкерлеріне өздерінің ризашылықтарын айта отырып, осындай турнирді жыл сайын өтуізуді дәстүрге айналдыруды ұсынды.

