NCOC компаниясы «Ақжайық» МТР-на көрсетілген қолдаудың нәтижелерімен танысты

2025 жылғы 5 қыркүйек күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында NCOC компаниясының қызметкерлері қызметтік сапармен болды. Сапар барысында олар компанияның «Шұғыла» демеушілік бағдарламасы аясында 2024–2025 жылдары «Ақжайық» МТР-ға көрсетілген қолдаудың нәтижелерімен танысты. Қызметкерлер демеушілік арқылы алынған жабдықтар мен құралдардың тиімділігіне көз жеткізіп, олардың резерваттың күнделікті жұмысына қосқан үлесін бағалады.