«World Clean Up Day» экосенбілігі өтті.

20 қыркүйекте Атырау облысында «World Clean Up Day» экосенбілігі өтті. «Ақжайық» МТР, экология департаменті, «Аманат» партиясы, әкімдіктер, кәсіпорындар мен еріктілер «Самал»–«Сарыөзек» аралығы және Жайық жағалауын тазартты.
Науқанның мақсаты – Қазақстан халқын қоқыстан тазарту ісіне біріктіру.
Акцияға 10 мыңнан астам адам қатысып, жиналған қоқыс полигондарға жіберілді.