«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваттың бастамасымен «Жануарлар әлемін қорғаудағы ғылым мен қоғамның өзара байланысы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Аймақтық деңгейде жануарлар дүниесін сақтау мен қорғау ісінде ғылым мен қоғам арасындағы өзара ықпалдастықты тереңдету, экологиялық мониторинг пен ғылыми зерттеулер нәтижелерін көпшілікке жеткізу, сондай-ақ қоғамда экологиялық мәдениеттің деңгейін арттыру.
Жиын барысында қазіргі экологиялық ахуалға тікелей ықпал ететін өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Атап айтқанда: Каспий теңізінің тартылуысалдарынан жағалау сызығының өзгеруі; өрт құбылыстарының жануарлардүниесінің сандық құрылымы мен биологиялық алуан түрлілігіне тигізетін әсері.
Дөңгелек үстел жұмысына «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваттың ғылыми қызметкерлері, Атырау облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мамандары, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жаратылыстану факультетінің профессор-оқытушылар құрамы және «Биология», «Экология» мамандықтарының 1–2 курс студенттері қатысты.
Мәжілісте жануарлар дүниесін қорғау, экожүйелердің тұрақты дамуы және биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселелерін қамтитын ғылыми баяндамалар ұсынылып, көпсалалы талқылау жүргізілді.
