Сары құтан (Ardeola ralloides)

Сары құтан (Ardeola ralloides) — құтантәрізділер отрядына, құтан тұқымдасына жататын сирек кездесетін құс түрі. Денесінің ұзындығы шамамен 40–50 см. Су маңындағы батпақты, қамысты жерлерде мекендейді. Негізгі қорегі — ұсақ балықтар, жәндіктер мен қосмекенділер. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Резерват аумағында шамамен 30 бас есептелді.

И.В. Бофонов — ғылыми қызметкер — орнитолог.