Ағымдағы жылдың 17 қазан күні “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының акт залында мекеме директоры Д. К. Ескабулов
Орман шаруашылығы қызметкерлері күніне,
Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай,
резерват қызметкерлерін адал еңбегі, кәсібіне деген жоғары жауапкершілігі және кәсіподақ қозғалысына белсенді қатысқаны үшін
Алғыс хатпен, Құрмет грамотасымен және төсбелгімен марапаттады!
Бұл марапат — орман мен табиғатты қорғау ісіндегі қажырлы еңбектің, жоғары кәсіби жауапкершіліктің және ұжымдық бірліктің жарқын көрінісі.









