25 Қазан – Республика күні!

“25 қазан – Республика күні” мерекесі қарсаңында «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымы арасында мерекелік көңіл күй қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында эстафеталық командалық ойындар ұйымдастырылды.

Эстафеталық ойынның негізгі мақсаты – қатысушылардың шапшаңдық, ептілік, төзімділік және ұйымшылдық қасиеттерін дамыту, сонымен қатар ұжымдық бірлікті нығайтып, қызметкерлердің белсенді өмір салтына ынталандыру болды.

Жарыс қызықты әрі тартысты өтті. Қорытындысында үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы марапаттармен марапатталды.

Мереке қарсаңындағы осындай спорттық шаралар ұжымдық рухты көтеріп, патриоттық сезімді арттыра түседі!