«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының директоры Д.К. Ескабулов
«Атырау, Махамбет, Индер орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелердің» ұжымдарын кәсіби мерекелері – Орман шаруашылығы қызметкерлері күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Сонымен қатар, Д.К. Ескабулов орман өрті кезінде көрсеткен көмегі мен қолдауы үшін аталған мекемелердің ұжымдарына ерекше алғысын жеткізді.
Бұл мереке – табиғатты қорғау ісіне адал қызмет етіп, орман байлығын сақтау мен көбейтуге өз үлесін қосып жүрген жанкешті мамандардың еңбегін бағалау күні болып табылады.
Барша орман саласы қызметкерлеріне мықты денсаулық, еңбекте табыс, отбасылық амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!









