Экологиялық апталықтың қызықты сәттері жалғасуда!

10–14 қараша аралығында өтіп жатқан «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық апталығының бел ортасында оқушылар табиғатты қорғау тақырыбында түрлі іс-шараларға қатысуда.

Бүгінгі күннің басты мақсаты – жастардың экологиялық мәдениетін арттыру және туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Қатысушылар экологиялық викториналарға, танымдық кездесулерге және табиғатты аялауға арналған шығармашылық жұмыстарға белсене атсалысты.
Сонымен қатар апталық аясында табиғат көріністеріне арналған фотокөрмелер ұйымдастырылып, келушілерге ерекше әсер қалдырды.

Табиғатты қорғау – бәріміздің ортақ міндетіміз!