«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының буферлік аймағында әуесқой (спорттық) балық аулауға 2025 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 14,995 тонна лимит белгіленген. Қазіргі уақытта оның 2,160 тоннасы игерілді.
Ауа райының қолайсыздығына және су айдындарында мұз қалыңдығының қалыптасуына байланысты, ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 бұйрығы және оған ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №488 бұйрығына сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әуесқой (спорттық) балық аулау уақытша тоқтатылады.

