«2 ақпан – Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күніне» орай, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен жалпы білім беретін Ғ. Мұратбаев атындағы орта мектепте
«Сулы-батпақты алқаптарды бірге қорғайық!» тақырыбында дәріс өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – еліміздегі сулы-батпақты алқаптардың экологиялық маңызын түсіндіру, сондай-ақ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының тыныс-тіршілігімен оқушыларды кеңінен таныстыру.
Дәріс соңында қатысушылар фотокөрмемен танысып, ақпараттық бетшелер таратылды.
