Қазақстан Республикасы Конституцияның жаңа жобасы

2026 жылғы 13 ақпанда «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы бойынша түсіндіру жұмысы өткізілді.

Жиналыс барысында адам құқықтары мен бостандықтары, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, әділеттілік пен заңдылық қағидаттары жан-жақты талқыланды. Қызметкерлер жаңа жобаны қолдайтынын білдірді.

Мұндай іс-шаралар ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.