15 ақпан — ерлік пен әскери борышқа адалдықтың естелік күні. Бұл күні біз Отан алдындағы парызын абыроймен орындаған жауынгер-интернационалистердің ерлігін құрметпен еске аламыз.
“Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерваты ұжымында Ауған соғысының ардагері Құспанов Жарылғас Салыкович еңбек етуде.
Құрметті Құспанов Жарылғас Салыкович!
Сіз Ауған жерінде азаматтық борышыңызды адал атқарып, ел намысын қорғадыңыз. Сіздің өмір жолыңыз бен еңбегіңіз — жас ұрпаққа отансүйгіштік пен ерліктің жарқын үлгісі.
Еліміздің тыныштығы мен Тәуелсіздігі жолындағы қызметіңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, еңбегіңізге табыс және ұзақ ғұмыр тілейміз!
Ізгі тілекпен,
«Ақжайық» МТР РММ ұжымы






