Бүгін – табиғаттың таңғажайып әлемін қорғауға назар аударатын күн! Жабайы табиғат – жеріміздің ажырамас бөлігі, оның әрбір тіршілік иесі экожүйенің тепе-теңдігін сақтауға үлес қосады.
Бұл күн бізге табиғатты аялаудың, сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудың маңыздылығын еске салады.
❗ «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында:
•Сүтқоректілер – 48 түрі, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілгені – 3 түрі;
•Өсімдіктер – 227 түрі, оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілгені – 2 түрі;
•Құстар – 292 түрі, оның 36-сы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген;
•Балықтар – 25 түрі, оның ішінде Қызыл кітапқа енгізілгені – 4 түрі;
•Бауырымен жорғалаушылар – 6 түрі;
•Қосмекенділер – 3 түрі кездеседі.


