Ағымдағы жылдың 10 наурыз күні “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту және туризм бөлімінің мамандары №4 Ю. Гагарин атындағы мектеп оқушыларына «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында танымдық дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушылар үш топқа бөлініп, «Таза Қазақстан» тақырыбы бойынша өз ойларын сурет арқылы бейнелеп, табиғатты қорғау жөніндегі түсініктерімен бөлісті. Сонымен қатар викториналық сұрақтарға белсенді қатысып, білімдерін көрсетті.
Дәріс соңында белсенді оқушылар марапатталып, естелік суретке түсті 🌿
