🕊️ 1 сәуір — Халықаралық құстар күні

Осы атаулы күнге орай «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында студенттерге арналған шеберлік сағаты ұйымдастырылды.

Шара барысында қатысушыларға су маңы және суда жүзетін құстардың санағын жүргізу әдістемесі түсіндіріліп, тәжірибе жүзінде көрсетілді.

Табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және жас мамандардың экологиялық білімін арттыру бағытындағы мұндай тәжірибелік сабақтардың маңызы ерекше 🌿

Ақжайық #ҚұстарКүні #Экобілім #ТабиғаттыҚорғау