2026 жылғы 1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары аумағында «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы өтуде.
Акцияның мақсаты — су биоресурстарын, әсіресе бекіре тұқымдас балықтарды сақтау, заңсыз аулаудың алдын алу және олардың табиғи мекендеу ортасын қорғау.
Акция барысында балықтардың уылдырық шашу кезеңіндегі миграция жолдары қорғалып, су айдындарында рейдтік жұмыстар күшейтіледі. Заңсыз балық аулау фактілерін анықтау, тыйым салынған ау құралдарын тәркілеу және браконьерлікке қарсы күрес жүргізу назарда болады.
Сонымен қатар тұрғындар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
🌿 Табиғатты қорғау — баршамыздың ортақ міндетіміз!






