2026 жылдың 7 сәуір күні Zoom платформасы арқылы өткен жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Мұратуллин Жанадил Тлеккабылұлы «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Құтпанбаев Ерлан Нұрқанатұлы тағайындау туралы бұйрықты таныстырып, жаңа басшыны ұжымға ресми түрде таныстырды.
Сонымен қатар, Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Даулетов Ризабек Ғалымжанұлы резерват қызметкерлерімен кездесу барысында тағайындау туралы бұйрықты салтанатты түрде оқып, Жанадил Тлеккабылұлына жаңа қызметінде табыс пен жауапты жұмысында сәттілік тіледі.
«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы Жанадил Тлеккабылұлын жаңа лауазымымен құттықтай отырып, алдағы қызметіне табыс, еңбегіне жеміс, бастамаларына береке және ортақ іске толағай жетістіктер тілейді.





