9 сәуір күні Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мамандарының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында іс-шара өтті.
📍 Жаңаталап саябағында Абай орталығының оқушылары мен мемлекеттік инспекторлар бірлесіп, құстарға арналған ұялар орнатты.
Шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және құстарға қамқорлықтың маңыздылығын кеңінен насихаттау 🌱
Табиғатқа жанашыр болайық! 💚
