Іс-шара барысында мектеп ұстаздары, оқушылары және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары бірлесіп, мектеп ауласына 50 түп тал ағашын отырғызды 🌱
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына табиғатты аялау мәдениетін сіңіріп, қоршаған ортаға жанашырлық пен экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Жасыл елдің жарқын болашағын бірге қалыптастырайық! 💚
