Акция аясында резерват аумағында мекеме инспекторлары рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Шара барысында ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-тармағына сәйкес 3 иесіз құқықбұзушылық дерегі анықталып, заңсыз ауланған күйдегі қара балық тұқымдасына жататын сазан, көксерке, жайын балықтары және ау құралдары тәркіленді.
Сонымен қатар, екі дана бекіре тұқымдас балық тірі күйінде су айдынына қайта жіберілді.
Рейдтік жұмыстар жалғасуда.
