🤝 Ғылыми ынтымақтастық – табиғатты қорғаудың маңызды қадамы!

«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС Атырау филиалы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

🔬 Енді ихтиология, гидробиология және гидрохимия бағыттарында бірлескен зерттеулер жүргізіліп,
🐟 су айдындарындағы балық қорлары зерттеледі,
🌿 экожүйелердің жай-күйі талданады,
💧 су сапасына тұрақты мониторинг жүргізіледі.

🌍 Бұл жұмыстар табиғи байлығымызды сақтауға және биоалуантүрлілікті қорғауға өз үлесін қосады.

Ақжайық #Ғылым #Экология #БалықШаруашылығы #Биоалуантүрлілік