«Ғылыми негізделген көгалдандыру – табиғи шешімдердің негізі»

2026 жылдың 12 мамырында Атырау қаласында GREEN SCIENCE KZ жобасы аясында «Ғылыми негізделген көгалдандыру – табиғи шешімдердің негізі» тақырыбында оқыту семинары өтті. Семинар Ботаника және фитоинтродукция институты мен «Chevron» компаниясының серіктестігі арқылы ұйымдастырылды.

Семинарға “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының өкілдері қатысып, қалалық аумақтарды көгалдандырудың заманауи тәсілдері мен экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибелермен танысты.

Қатысушылар:
▪️ Резерват директоры — Ж.Т. Муратуллин
▪️ Ғылым және мониторинг бөлімінің басшысы — Н.Т. Махметова
▪️ Орман шебері — Р.А. Шанкиева

Осындай маңызды іс-шаралар табиғатты қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және қоршаған ортаны жақсарту бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал етеді. 🌱

📍 Атырау қаласы
📅 12 мамыр 2026 жыл