🌷 “Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясында “Қызғалдақтар күніне” арналған іс-шара өтті

2026 жылдың 15 мамыр күні “Парктер шеруі–2026” табиғатты қорғау акциясы аясында “Ақжайық” мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Абай атындағы Атырау қаласының оқушылар орталығында “Қызғалдақтар күніне” арналған танымдық іс-шара ұйымдастырды. 🌿

Іс-шара барысында оқушылар арасында “Жауқазындай құлпырған — қызғалдақтар!” тақырыбында сурет салу байқауы өткізілді. Байқауға қатысушылар табиғаттың әсемдігін, қызғалдақ гүлдерінің көркін өз шығармашылықтары арқылы бейнелеп, белсенділік танытты. 🎨🌷

Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, І, ІІ және ІІІ орын иегерлері дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. 🏆

Мұндай экологиялық-танымдық шаралардың басты мақсаты — жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру. 🍃