Ағымдағы жылдың 18 мамыр күні сағат 16:00-де Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясында «Бекіре–2026» кең ауқымды балық қорғау акциясы бойынша координациялық топтың жиналысы өтті.
Жиналысты Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Н. Гайсин жүргізді. Жиын барысында акция аясында атқарылып жатқан жұмыстар бойынша жинақталған материалдар таныстырылып, табиғат қорғау мекемелері мен құқық қорғау органдары басшыларының есептері тыңдалды.
Акцияға “Ақжайық” резерватының қызметкерлері және техикаларымен толықтай жұмылдырылған туралы, сонымен қатар атқарылып жатырған жұмыстары бойынша мекеме директоры Ж.Муратуллин есебін берді.
Сонымен қатар, акцияның қорытындысы 3 маусым күні қорытынды жиналыс өткізілетіндігін хабарлады.



